Тіл-халықтың бірлігі

Тіл-халықтың бірлігі.Бұл сөзсіз.Себебі ел халқы қандай екенін оның мәдениетіне, тіліне қарап біле аламыз.

Менің ана тілім-шексіз бай,шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдилеген бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі ең қымбат тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімізді.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жарып қосқан.

Ана тіліміз ата -бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпас мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Оларды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Ана тіліміз- бұл арымыздың өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлауларды шұбарлау , көңіл тұнығын майлау . Ең жақсы адам-ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке , шын патриоттыққа жетелейді . Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу-саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші яғни, біздің парызымыз. Ол туған жеріңді, еліңді, сүйікті отанымызды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Отан» атты өленінде
Мен оның түнін сүйем , күнін сүйем
Ағынды өзен , асқар тау ,гүлін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем,-деп Отанды сүйюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату- тәтті өмір сүріп жатыр . Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақ пен береке , сыйластық құрмет жақсы деңгейде деп айта аламын .Бұған біз қуаныштымыз.