Достық-таусылмас қазына

Достық-таусылмас қазына. Достық – адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың жақындықтың белгісі. Нағыз достық бір-біріне деген қарым-қатынасты нығайтады. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымауға және қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Әрқашан тілектес,сондықтан досыңа әрқашан көмектесу керек.

Сыныбымызда әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Достық туралы көптеген мақал-мәтелдер айтамыз: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Татулық-достық кепілі”,“Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын ” т.б.

Қазір бізге достық өте қажет. Мақсаты, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайды. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Біздер достықты сақтау үшін көп еңбектенуіміз керек деп ойлаймын. Қайтарымын қажет етпей, қамқорлық жасап, әр уақытта көмек беріп отыруымыз керек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Менің Еркеназ, Ару, Мөлдір, Медина есімді достарым бар.  Оларды өте жақсы көремін. Жұбымыз жазылған емес. Сабақты бірге оқимыз, бос кезде бірге ойнаймыз. Бір бөлмеде ұйықтаймыз. Біз интернатта оқимыз. Достарымның бойында жақсы қасиеттер жетерлік. Мен достарымды мақтан тұтамын. Қасымда жүргендеріне қуанамын. Достарыма адал боламын, қажет кезде көмегімді аямаймын, жауапкершілікпен қараймын, деп уәде беремін.