Менің қысқы демалысым

Қыс келді. Мектептерде қысқы демалыс басталды. Менде қысқы демалысқа шықтым. Қыс басталғанда барлығы ап-пақ түске айналады. Қысқы демалыста мен сыртқа шығып шаңғы тебем, шанамен ойнаймын. Балалар ақшақар жасайды. Қыста бәріміз жылы киініп,көңілді журеміз,өйткені қысқы демалыс кезінде Жаңа Жыл мейрамы болады. Мен қысқы демалысты өте жақсы көремін! Әр қыстың өз ерекшелігі болады ғой. Осы жылдың қысы мен үшін ерекше уақыт болды. Себебі, осы қысқы демалысым өте қызықты өтті. Балалармен, қыздармен , сырғанақ тептік. Қысқы демалыс маған өте ұнады, мен уақытымды жақсы өткіздім: далада көп серуендедім, коньки тептім, әже мен атама қонаққа бардым. Демалыста мен бимен айналыстым, сондай-ақ, ата-анаммен бірге Алматыға демалуға бардым.

Менің қысқы демалысым маған өте ұнады.